Он мыңнан аса халқы бар Май ауданында 22 елдімекен бар. Биыл бірнеше ауылына тас жол төселіп, әлеуметтік нысан бой көтерді. Келер жылы да бастама жалғасын табады екен. Бұл жөнінде арнамызда жол тартқан «Әкім сағаты» жобасында аудан әкімі Қадылжан Сәтиев айтты.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы елдімекендеріміз түлеп келеді. Жоба ауылдағы ағайынның өміріне жаңа леп әкеліп, халықтың әл-ауқатын жақсартты. Үйдің ішіне, тіршілік нәрі таза ауыз су, жылу, тас жол төселді. Биыл Май ауданында 7 ауыл қамтылған екен.

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы мемлекет басшысының бастамасы. Бізде 7 елді мекен қамтылған. Көптеген әлеуметттік обьектілер күрделі жөндеуден өтіп, мектептердің күрделі жөндеулерін жасатты. Және Ауыл ішілік жол, шамдарын ауыстыру болсын. Соның бәрін іске асырдық. Енді биылғы жылы бұл бағдарламаға Қаратерек ауылы кірді. Мұнда да көптеген істер жасалып, жолдарда жөнделіп, ауылдық клубта жөнделіп

Келер жылы жылы Қаратерек ауылының мектебі күрделі жөндеуден өтеді. Ал Баскөл ауылдық округінде мәдениет үйі, ауылішілік жол, жарық жүйесі орнатылады деп күтілуде. Қыстың көзі қырауда. Ауыл халқының күнкөрісі малға қарап отырғаны анық. Биыл ауданда мал азығы молынан жиналыпты.

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Биылғы жылы керек деңгейде өткізіліп, Май ауданында жалпы жайылым 106 мың гектар. Шабындық жер 60 пайыздан көп сол жалпы мал басына шаққанда қамтамасыз ету үшін 117 мың тонна одан артық 121 мың жасадық.

Соңғы уақытта өңірдің қай ауданын алсақ та шаруалар жайылым тапшылығы өткір тұрғанын айтады. Аталған ауданда мәселе, жоқ емес. Бар.

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Тұрғындар көтеретін мәселе. Бұл сұрақты қазіргі таңда заңнамаға сәйкес Өзгерістерге сәйкес жайылым жерге құжат жоспар жасалынады. ... преспективасын есептейді. Соған сәйкес жоспар құратын болады.

Аудан басшысының айтуынша бұл түйткілді сұрақтар кезең-кезеңімен орындалады. Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар шалғайдағы Ақшиман ауылына апаратын жолдың 95 шақырымы жөнделді.

Әйгерім Тоқпанқызы