Облыстық арнайы кітапхана көру қабілеті нашар және мүлдем көрмейтін азаматтар үшін және өз тұрақты оқырмандарына жыл сайынғы дәстүрлі шарасын өткізді. Кездесу ақ таяқ айлығын аяқтау құрметіне ұйымдастырылды.
Бүгін кітапхананың оқу залында бұрын-соңды болмаған дүркіреген көңіл-күй мен қуаныш байқалады. Себебі екі маңызды мереке бір уақытта тойлануда. 13 қарашада әлемдік қауымдастық Халықаралық көру қабілеті нашар адамдар күнін сонымен қатар көзі көрмейтіндердің ресми белгісі саналатын ақ таяқ күні тойлануда.
Шараға орындаушылық өнер кафедрасының студенттері белсене атсалысты . Сонымен қатар, кездесудің басты қонақтары да концерттік бағдарламаға қатысып өз үлестерін қосты.
ВАЛЕНТИНА КАСОВИЧ, ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ КІТАПХАНАНЫҢ ОҚЫРМАНЫ
Бұл өлеңімде қоғамда өткізілетін түрлі шаралар мен іс-әрекеттерге зағип жандардың атсалысуы көрсетілген. Шынымен де, бізде шахматшылар, ақындар, әншілер бар. Мен "Радуга" өнер ұжымының мүшесімін, үнемі кітапханаларға барып тұрамын. Бізде осындай кітапхана бар екеніне өте қуаныштымын, мұнда өткізілетін мәдени-көпшілік шараларға өте ризамын, әрдайым оларға алғыс айтамын».
Бұл атаулы күн көбінесе көру қабілеті нашар адамдардың мәселесіне, олардың әлеуметтік дамуына назар аудару үшін ұйымдастырылған арнаулы күн. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі шара арқылы олар өз оқырмандарының мысалында, көру қабілеті бұзылған адамдарды өздерін төрт қабырғаға қамалып қалмауына, әлеммен байланысқа шығуға, ал сыртқы әлемнен оларға қолдау көрсетуге шақырады.
Салтанат Бауыржанқызы