Бүгін, 7 қараша күні, Павлодар облысында ауа райы күрт өзгеріп, қатты желдің салдарынан бірқатар мәселелер туындады. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті. Қатты дауылдан опырыла құлаған ағаш адамды басқан.
Қоңырау 7 қараша күні сағат 09:37-де түсті. Естай көшесіндегі үйдің ауласында ағаш, адамның үстіне құлаған. Оқиға орнына жету уақыты 6 минутты құрады. Зардап шеккен 1957 жылғы әйел адам.
АСҚАР ҒАЗИЗОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Өкінішке орай, Ішкі ағзалары жарақаттанып, екі сирағы, кеуде қуысы, жамбас сүйектері сынды. 3-4 дәрежелі жарақаттанудың салдарынан қайтыс болды.
Сонымен қатар, Павлодар теміржол вокзалында қатты желдің салдарынан сағат тілдері ұшып кеткен. Ауа райының күрт құбылуына байланысты облыс бойынша 15 шатыр бұзылып, ұшып кеткен.
ҚАЗБЕК РЫМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ТОБЫНЫҢ МАМАНЫ
Аталмыш жағдайлар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Баянауыл мен Ақтоғай аудандарында орын алды. Сонымен қатар бірқатар аудандарда олар Май, Ертіс, Ақтоғай, Шарбақты, Успен және Аққулы аудандарында электр қуатының өшіру 28фактісі тіркелді.
Жергілікті билік, халықты сақтық шараларын сақтауға, мүмкіндігінше көшеге шықпауды ұсынады. Айта кетейік, облыстағы 1-11 сынып оқушылары сабақты қашықтықтан оқыды.
Сабина Жолдаспаева
.