Ақсу қаласының прокуратурасы қала әкімдігі мен коммуналдық қызмет арасында есірткіге қарсы меморандумға қол қойылды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Нашақорлық – әлеуметке ортақ мәселе, қоғам дерті. Жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмаған дерт. Оны түбегейлі жою үшін күллі әлем күресуде. Әйтсе де, толық жойып жіберу мүмкін болмай тұр. Осы мақсатта Ақсу қаласында есірткі жарнамасына қарсы меморандумға қол қойылды. Енді қала әкімдігі, коммуналдық қызмет, полиция бірлесе қызмет етеді.
ТЕМІРЛАН ҚҰДАЙБЕРГЕН, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Бұл құжат есірткі жарнамасына қарсы бірлескен шараларды күшейтуді, ақпарат алмасуды және алдын алу жұмыстарын үйлестіруді көздейді. Біздің басты мақсатымыз жасөспірімдер мен жастарды осы зияннан қорғау. Қоғам үшін ортақ күш-жігер жұмсай отырып, біз есірткі насихатының алдын алуға сенімдіміз.
Меморандум негізінде коммуналдық қызметкерлер есірткі саудасына қатысты жарнаманы көрсе дереу арада полицияға хабар беруі тиіс.
ТЕМІРЛАН ҚҰДАЙБЕРГЕН, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Коммуналдық қызмет тарапынан жұмыс уақыты кезінде наркореклама, графити немесе басқа да есірткіге қатысты жарнаманы көретін болса, әлбетте құқық қорғау органдарына хабарлап, оны жедел түрде өшіру тиіс.
Меморандум аясында тың жұмыстар атқарылмақ. Мұнан бөлек, есірткіден аулақ болу жөнінде түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.
Қымбат Садық