Соңғы уақытта өзін ішкі істер қызметкерлері ретінде таныстырып, халықты алдап жүрген белгісіз адамдардың әрекеттері жиілеп кетті. Олар тұрғындардың үйлеріне келіп, полиция департаментінің құжаттарын көрсетіп, өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырады.

  Бұл адамдардың қолында арнайы жабдықтар, ноутбуктер, тіпті тұрғындардың тізімі де болуы мүмкін. Кез келген ақпарат беруден бас тартып, күмәнді тұлғаларды үйге кіргізуден сақ болу қажет.

СҰЛТАНБЕК ҚАДЫРЖАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Соңғы кездері алаяқтар тұрғындардың үйлеріне кіріп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстыратын фактілер жиілеп кетті. Алаяқтар өздерінің полиция басқармасында жұмыс істейтінін растайтын қызметтік куәліктерін, бланкілерін көрсетеді. Содан кейін олар өздерінің алаяқтық әрекеттерін жасай бастайды. Тұрғындардың жеке куәліктерін алуға тырысады. Сонымен қатар телефон нөміріне келген SMS кодтарын жазып алады. Осыған байланысты Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға және полиция қызметкерлері болып көрінетін адамдарға сенбеуді сұрайды.

Сабина Жолдаспаева