Қатты желдің салдарынан бұрын «ленпарк» атанған «Детство» саябағындағы Лениннің ескерткіші қирады. Бұл ескерткіш 1928 жылы орнатылған еді. Төбесінен қарағай құлап қираған ескерткіш қалпына келтіріле ме? Тілшіміз тарқатсын.
Лениннің ескерткіші мұнда сонау Кеңес үкіметі алғаш орнаған жылдары қойылған. Күшті жел көпжылдық шыршаны бірден ескерткішке құлатып, тұғырды жартылай зақымдаған. Соңғы рет тұғыр мен мүсін 2022 жылдың күзінде жеке инвесторлардың қаржысымен қалпына келтірілген еді.
СВЕТЛАНА ГЛАДЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ескерткіш қатты қирап, ұсақ бөлшектерге бөлініп кеткендіктен қалпына келтіру мүмкін емес. Жартылай қираған тұғыр орынанда тұр. Келесі аптада оның демонтаждау мәселес қаралады.
Ескерткіштің өзі мәдени мұра тізілімінде жоқ. Бірақ бір айта кетерлігі, тұғырда 28 жылы араб графикасымен Ленин туралы жазылған Қазақстандағы жалғыз бірегей жазу бар. Бұл тақта сақталып, мұражайға өткізіліп, тұғырға қатысты шешім қабылданады.
СВЕТЛАНА ГЛАДЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алдағы уақытта қалалық мәслихатта және кең қоғамдық талқылаумен бұл жерде не орналасатыны туралы шешім қабылданатын болады.
Ескерткішті қайта орнату, не болмаса басқа мүсін қою туралы шешім қоғам пікіріне орай қабылданатын болады.
Жанасыл Серікбол