Железин ауданында суырыпсалма ақын, әнші-композитор Құдайберген Әлсейітовтің 140 жылдығы аталып өтті. Оның аясында облыстық ғылыми-конференция ұйымдастырлды. Тақырыпты әріптесім Қымбат Садық жалғастырады.
Құдайберген Әлсейітов XX ғасырдың басында қазақ мәдениетіне жаңа ән-жыр, жаңа сарын әкелген дүлдүл ақын. Ол қолына домбырасын, жүрегіне иманын, санасына қазақтың ән-күйін тоқып туған дарын. 140 жылдығы қарсаңында Железин ауданында жоғары деңгейдегі шара өтті. Алдымен “Шабыт” балалар өнер мектебінде ақын есімі берілген кабинет ашылды. Мұнан кейін жиналған қауым ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ең бірінші осы елде танылып, мына мәдениет үйінің аты бар, мектепте ашылып жатқан сынып бар сол жерде бір бала болсын осы Құдайбергеннің ізін жалғап, әрі қарай дәріптеп, Әлсейітов сияқты менде артымда із қалдырамын дейтін болса ол біз бен сіздің жеңісіміз деп білеміз.
Ақын тұтас өмірін өнерге арнап, елін әнмен әлдилеп, жырмен көмкеріп, асыл өнерді ардақтай білген тұлға.
АЙТУҒАН ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Сонау Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамған уақытта қазақтың мұң-мұқтажын өлеңмен жеткізген атамыздың аруағына біздің көрсеткен құрметіміз деп есептейміз. Сол атамызға шамамыздан келгенше құрмет жасап, оның мол мұрасын халыққа жеткізіп, кейін ұрпағымыз әрі жалғасын деген мақсатымыз бар.
Сондай-ақ, шара аясында «Құдайберген Әлсейітовтің ақындық тұлғасы» атты облыстық ғылыми конференция ұйымдастырылды.Онда маңызды, тың тақырыптағы баяндамалар тыңдалды. Айта кетейік, дауылпаз ақын небәрі 49 жасында дүниеден өткен.
ҒАЛИЯ БАЛТАБАЙ, АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ
біздің диплом қорғайтын ғалымдарымыз, докторлар Құдайберген ағаны зерттеп, оның бар еңбектерін жинақтап, көрсете білсе біздің қазақтың руханиятына қосқан үлесі болар еді деп ойаймын.
Иә ақынның шығармашылығы ұшы-қиыры жоқ өнер айдыны іспеттес. Әлі де тың деректер шығуы мүмкін. Ол болашақтың еншісінде дейді конференция қатысушылары.
ӘДІЛБЕК ӘМІРЕНОВ,ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ
Әрбір өлең жолдары, оның көркемдік ерекшелігі, ақпараттары да әртүрлі. Өкінішке орай 9 өлең, 3 айтыспен ғана отырмыз , Бірақ әрі қарай іздестіру керек, дамыту керек.
Құдайберген Әлсейітовтің Сәруар, Дәметкен деген қыздары болған. Шараға қыздарынан тараған ұрпақтары қатысып, зор ризашщылықтарын білдірді. Қазір жиендерінің ішінде ән салып, домбыра шертетіндері де бар екен.
АМАНГЕЛДІ УАҚБАЕВ, ҚҰДАЙБЕРГЕН ӘЛСЕЙІТОВТІҢ ЖИЕНІ
Шешеміз марқұм айтып отыратын сол кезде өздері де кішкентай болған. Сол замандастарынан, көзі көрген қариялар да болған. Айтатын сенің нағашы атан домбыраны керемет ойнаған, өнерлі, дауылпаз ақын , аттың құлағында ойнаған деп, сондай дарынды адам болыпты.
Шара соңы Иса Байзақов атындағы филармония әртістерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Қымбат Садық