Облыс орталығында өткен Республикалық хакатон сайысы мәресіне жетті. Үздіктер анықталып бағалы сыйлықтар табысталды.
16 команда бақ сынаған тартыс әйгілі ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына және еліміздің цифрландыру күніне арналған еді. Жеңісті Астана, Алматы қалаларының және Ақмола облысынан ат терлетіп келген командалар өз қанжығасына байлады. .
ЕЛНАР ӨТЕБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ
Бүгін бізде Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына және еліміздің цифрландыру күніне арналған хакотан өтуде. Жалып 100 қатысушы. Әр бір облыстан 20 команда белсене қатысып жатыр. Қатысушыларға әр біреуіне сертификаттар және бағалы сыйлықтар бердік. Музыка тыңдайтын наушниктер бердік.
Қатысушылар арасында ең үздік жоба орындалу стильі, кретив сияқты критериялар сүйене отырып анықталды.
ДИАС ӘБДІҒАППАРОВ, КОМАНДА МҮШЕСІ (АСТАНА ҚАЛАСЫ)
Осы хакатонға қатысқан себебіміз информационный безопасность болғанымызбен, екі күн дайындалдық. Мен өз командама сендім бірінші орын алатынымызды. Бірінші орын алғанда біз басында ойладық, бірінші орынды айтқанда біз өте қуандық, күтпеген жағдай деп айтуға болад.
Хакатон сайысының қатысушылары келер жылы да бақ сынайтындарын жеткізді.
ЕЛНАР ӨТЕБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ
Жалпы хакатонның негізгі мақсаты болашақ айти мамандарды дайындау. Жасанды интелекті сияқты бағыттарды дамыту.
1 орын иегерлері 1,500 млн теңге, 2-орын бір миллион ал 3 орын иегерлері 500 мың теңгенні қанжығасына байлады. Ал жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құраған еді.
Салтанат Бауыржанқызы