Қостанай қаласында өткен гандболдан Қазақстан чемпионатында Павлодар қаласының спортшылары тамаша нәтиже көрсетті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты командалар жиналған еді. Олардың арасында жерлестеріміз үздік атанды.
Павлодарлықтар матч барысында шеберліктері мен ұжымдық ойынының жоғары деңгейін танытып, қарсыластарынан басым түсті. Бапкерлердің айтуынша, бұл жеңіс олардың үлкен қажырлы еңбегінің және тынымсыз жаттығуларының нәтижесі болып табылады.
ДАНИЛ АБТ, ОБЛЫСТЫҚ ГАНДБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ БАПКЕРІ
Біз олимпиадалық резервтегі № 2 спорт мектебінде спортпен айналысамыз. Міне біз 2013 жылғы және одан кіші ұлдар арасындағы гандболдан Қазақстан чемпионатынан оралдық. 5 рет жеңіске жетіп, бірінші орын алдық. Бұл чемпионат біздің осы жастағы балалар үшін бірінші жарысы. Енді мамыр айында Қостанай қаласында екінші чемпионат өтеді. Әрине ол жерде де Қазақстан чемпиондары атағын алуға тырысамыз.
Команданы Павлодарға оралғанда жақындары, бапкерлер мен жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды. Оларға құттықтаулар мен алғыстар айтылып, жас спортшылардың мәртебесін арттырды.
ТҰРЫСХАН САҒИТОВ, АТА-АНА
Ұлым Павлодар гандбол командасының ойыншысы, бес жасынан осы спортпен айналыса бастады. Ол өзі спорт мектебінде оқып жүр. Сол жерде жаттыға бастады. Алғашқы жаттықтырушысы Ерсін Қайрұллаұлы балама осы спорт түрін үйреткен еді. Содан бері ұлыма осы спорт түрі ұнайды. Қазір жасы 11де, гандболмен айналысып жүргеніне 5-6 жыл болып қалды.
Жас спортшылардың айтуынша, финалдық кездесулерде ерекше тартысты сәттер орын алды.
САПАР ДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ГАНДБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Соңғы 2 ойын өте қиын өтті. Көп күш жұмсалды. Бірақ қиын болса да, жеңіске жетіп, Қазақстан чемпиондары атағына ие болдық.
Спортшылар алдағы жарыстарға дайындықты жалғастыруда. Айта кетейік, екінші Қазақстан чемпионаты келер жылы, мамыр айында Қостанай қаласында өтетін болады.
Сабина Жолдаспаева