Қоғамның қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды. Себебі елімізде несие алып, оны төлей алмай жүрген қаншама адам бар. Осы ретте «Аманат» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырып отыр.

Қазіргі қоғамда несие алып, берешекке белшесінен батқан азаматтардың жағдайы жиі кездеседі. Оның бәрі қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан. Сондықтан «Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

ЖАНАР БАТЫРАЧИНА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ МЕНТОРЫ

Жалпы жоба елдің барлық тұрғындарына арналған. Бастапқыда тек қарызы бар адамдар мен кәсіпкерлер ғана болатын, одан кейін қызмет ұлғайды.Оқу барысында сұрасақ, халық несиені қандай пайыз мөлшерлемесімен алғанын да білмейді. Тіпті келісімшартты да оқымайды.Сондықтан бүгінгі оқуда қаржының қыр-сыры туралы айтылады. Бұдан бөлек депозит ашуда неге мән беру керек және қазір жеке тұлғалар өздерің банкрот деп жариялай алады. Осындай сұрақтарды қарастыратын боламыз

Одан бөлек, әлеуметтік желі дамыған заманда алаяқтар да көбейіп кетті. Сондықтан мұнда алаяқтарға алданбау, несиені дұрыс есептеп алу, оны төлеу, кәсіп ашу, қаражатты сауатты пайдалану сынды қыр-сырларымен бөліседі. Жыл басынан облыста 6 мыңға жуық адам осындай оқудан өткен.

ЖАНАР БАТЫРАЧИНА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ МЕНТОРЫ

Көбінесе тұрғындар депозиттің айырмашылығы, оның пайдасы, сыйақы мөлшерлемесі сынды сұрақтарымен көбірек жүгінеді. Бұдан бөлек интернет алаяқтарға алданған жандар көп. Оларды өз қарыздарыңнан құтылу жолдарын, құқықтарын қорғау, банк есепшоттарын бұғаттан шешу сияқты сұрақтар мазалайды. Алаяқтардың құрбаны болған жандар өте көп, қаржысының көбін сеніп, алданып қалады. Сондықтан абай болу керектігін де түсіндіреміз

 «Қарызсыз қоғам» жобасы қаржылық алаяқтықты азайтуға, қବрыздың шектен тыс жиналуын бо묬¬¬¬¬дырмауға және жалпы қар¬¬жы¬¬¬¬¬лық мәдениетті жетілдіруге септігін тигізеді.

Оқу аяқталған соң арнайы сертификаттар беріледі. Айта кетейік, жоба жылдың соңына дейін жалғасады.

Қымбат Садық