«Жалсы ел» жастар жасағы жасөспірімдер мен балаларға арналған экологиялық орталықты аралады. Ондағы «Жас эколог» музейі мен ерекше жылыжайдың жұмысымен танысты.
«Жасыл Әлем» экологиялық шарасының мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру. Жастардың қоршаған ортаны қорғау және экологиялық білім беру саласындағы құзыреттілігін дамыту. Бұл музейден қоршаған ортаның қыр-сыры, жан-жануарлары мен аң-құсы, табиғаттың миллиондаған жылдық тарихымен танысуға болды. Бұндай экскурсия экологиялық тәрбие. Теңдесіз білім мен таным. Жастарды экологиялық сана аясындағы тағылымын арттырар сабақ.
АРИНА КРАСКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖСТАР ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ
Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген қызықты шараларды өткіздік. Тазалық жұмыстарынан бөлек тәрбие жұмыстарына да баса назар аудардық. Өйткені, жастар қоршаған ортаны қорғаудың, сақтаудың маңыздылығын жете түсінулері керек. Бұл шара да осы мақсатта ұйымдастырылып отыр
Жастардың өзін-өзі тануына жағдай жасау да экологиялық сананы қалыптастыру жолында маңызды. Әрмен қарай жастар сирек кездесетін және қызықты өсімдік түрлерлері сақталған жылыжай жұмысымен де танысты. Жалпы бұл экскурсияға қатысушы жастар «Жасыл ел» жасағының әр шарасынан бұрын да тыс қалмай жүрген студенттер.
ВИКТОРИЯ АННИСОВА, СТУДЕНТ
Жазда әр түрлі акцияларға қатыстым. Усолкада болып, ол аумақты қоқыстан тазаладық. Жасыл кросқа қатыстым. Жағалауда «Жасыл ел» ұйымдастырған әр түрлі шараларда болдым. Бұлардың барлығы өте қызықты болды. Баянауылға да екі рет барып, «Таза Баян-Таза жүрек» акциясына ат салыстым
«Жасыл ел» жасағының биылғы еңбек маусымын аяқтайтын уақыты да жақындап келеді. Онда үздік еріктілер мараптталады. Маусым бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланады.
Жанасыл Серікбол