Президент ел бойынша 2 млрд түп көшет егуді тапсырған еді. Оның 7 млн ға жуығы Павлодар обылсына тиесілі еді. Қазіргі уақытта 2024 жылдың жоспары толық аяқталды. Мамандар, нәтиже ойдағыдай екендігін айтады.

Осылайша, Павлодар облысының орман қорындағы көшеттердің сақталуы 56%-ға жетті. Ағымдағы жылы Павлодар облысы әкімдігінің орман қорғау мекемелерінің аумағында барлығы 6,8 млн дана екі жасар қарағай көшеттері отырғызды. Егу алқабы 1,2 мың гектардан астам аумақты құрады.

Бұл көлемнің төрттен бірін демеушілік бойынша жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында қаржыландырған. Түгендеу қорытындысы бойынша көктемгі екпелердің аман қалу көрсеткіші 56,4% құрады, бұл өткен жылдардың көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары.

Мамандар, көшеттерді отырғызып қана қоймай, оның әрмен қарай өсуі үшін айрықша күтім жасалатындығын дай айтады.

Жанасыл Серікбол