Павлодарлық фотограф өзінің жұмыстарын халықаралық көрмеде көрсетіп жүр. Экспозицияда қазақстандық, ресейлік және қытайлық авторлар фотоларын қойды. Олардың қатарында біздің талантты жерлесіміздің туындылары да бар. Толығырақ келесі сюжетте.

Елена Шангай танымал фотограф, 10 жыл бұрын алғаш кәсіби суреттерін түсірсе, қазір Жібек жолы бойында жұмыстарын көрмеге қойып жүр. Ол суретке түсірумен ғана емес, музыкамен де айналысады. Интернет-журналда редактор болып қызмет етіп, өзін жазушылық бағытта да танытты. Екі туынды жазып, олар жинаққа енді, мәскеулік кітапханалардың бірінде сақтаулы.

ЕЛЕНА ШАНГАЙ, ФОТОГРАФ

Когда уже в этой среде варишься, то тебя уже знают. Осы салада бірнеше жыл жүргендіктен, бәрі біледі, таниды. Былтыр «Широкий диапазон» көрмесіне қатысқанмын, сондықтан биыл тағы ұсыныс келді. Мен екі жұмысымды қойдым. Бұл жұмыстар характері бойынша әртүрлі. Ол жерде эмоционалдық әсері жақсы көрсетілген.

Жалпы көрмеге фотограф 6 суретін қойды. Ұйымдастырушылар оның ішінде екеуіне ерекше баға берді.

ЕЛЕНА ШАНГАЙ, ФОТОГРАФ

Дарья Дунич мектебінің оқушысы. Ол көрмеде бәрімізді фотоға түсіріп жүрді. Сөйлескен кезде танып, «Елена Шангай» деді маған. Яғни қаншама жұмыстың ішінде адамның есінде қалғанымыздың өзі жақсы. Негізі көрмелер мен сайыстардың берері мол. Қаламызда жүргізілген кезде, менің туындыларым ерекше деп ойлайтынмын. Бірақ, халықаралық көлемде өткен шараға қатыссам деңгейімнің қандай екенін түсінемін. Яғни әлі де жасайтын жұмыс көп екенін байқаймын.

Елена Шангайдың әріптестері, модельдер оның жұмысын жоғары бағалайды.

РОЗА МАКСАКОВА, ӘРІПТЕСІ

Мен Шаштаразбын. Еленамен көп жылдар бойы жұмыс жасаймын. Оны алғаш рет клубта көрдім. Сол жерде фототүсірілім болған еді. Оның жұмыстары, көзқарасы, келген адамдармен жұмысы ұнайды.

НАТАЛЬЯ ДАХОВА, МОДЕЛЬ

Мен абстракционистердің көрмесіне келгенмін, сол жерде Еленаның ақ-қара түстегі суреттерін көрдім. Ерекше сезім береді. Содан кейін оның кезекті жобасына шақырту алдым.

Елена Шангайдың шығармашылық жолы Павлодардың өнерлі, талантты адамдардың қаласы екеніне тағы бір дәлел. Қаңтар айында «Ертіс» музейінде дарынды фотографтың көрмесі өтеді. Оған 40 сурет қойылады.

Самал Қалиқызы, Анастасия Ерш