Биыл кәсіпкерлік басқармасы беретін гранттар әлеуметтік салаға бағытталды. Яғни инклюзті жобалар қолдау тапты. Жалпы өңірдің 8 әлеуметтік кәсіпкері 3 млн-нан 5 млн теңгеге дейін грант иеленді.

Нұрлан Әбілдинов - әлеуметтік кәсіпкер. Әлеуметтік нысандарға пандус орнатумен айналысады. Жоғары сапада қызмет ұсынады, тіпті өзге қалалардан тапсырыс түседі. Кәсібін кеңейту мақсатында грант алуға жобасын қорғады.

НҰРЛАН ӘБІЛДИНОВ, КӘСІПКЕР

5 млнға қорғадым. Оборудование алайын дегем. Ақырын ақырын істедік. Марсштаб көп ала алмадық. Ал енді жобада масштабмен аламыз. Атырау, Ақтау сол жаққа жіберіп жүрдік.

Жалпы 7 комиссия мүшесінің алдында 8 жоба қорғалды. Негізгі мақсат олардың барлығы әлеуметтік жобалар болуы керек.

ЕРКЕҒАЛИ ЖАНҒАЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

Біздің көзімізше қорғады. Комиссияда 7 адам. Кім қалай дауыс бергені білінбейді. Платформа арқылы. ЭЦП арқылы кірдік. Соңында нәтижесін бәрі көреді. Ашықтық солай.

Өткен жылдары күні кеше жеке кәсіпкер атанған азаматтар грантқа үміткер бола алатын. Биыл жағдай өзгерді, тек әлеуметтік бағыттағы инклюзивті жобалар ғана қатысты. Осылайша 35 млн теңге грант өзара бөлінді.

ДАРХАН ЕРМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Жалпы гранттар конкурсы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2 бағыт бойынша берілетін. Осы категория қатыса алады. Жылына 82 грант беріледі. 8 кәсіпкер қолдау алды. Жалпы гранттар сомасы шамамен 35 млн теңге.

Сонымен, грант иегерлері жобаларын 1,5 жылдың ішінде жүзеге асыру тиіс. Жауапты басқарма мен «Даму» қоры оларға мониторинг жүргізеді.

Самал Қалиқызы