Қараша айының соңы жақындағанымен, Ертіс өзенінің өзге су айдындарының мұзы әлі жұқа. Мамандардың айтуынша, шамамен 10-15 сантиметр шамасында. Бұл орайда төтеншеліктер азаматтарға мұз үстіне шықпауға кеңес береді.
Қыс маусымының басталуына орай мұз үстіндегі қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызды болып отыр. 16 қарашадан бастап республика көлемінде бастау алған «Мұз» акциясы аясында Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында қайғылы жағдайларды болдырмауға бағытталған белсенді шараларды жүзеге асыруда.
ЕРЛАН ҚАСЫМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мұз үстіндегі қауіпсіздікті қалың көпшілікке жеткізу үшін реидтік шарасын күшейтудеміз. Шараларымызға бұқаралық ақпарат құралдары қатысуда. Мектептерде ашық сабақ өткіздік. Кез-келген су айдынында қауіпсіздік ережсін сақтамаған адамға айыппұл салынатындығын ескерткіміз келеді. Айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 7 АЕК көлемінде.
«Мұз» акциясы басталғаннан бері 65 рейд жүргізіліп, 448 адам нұсқаулықтан өтті, 14 адам жауапкершілікке тартылды. Мұзға шықпас бұрын, оның қалыңдығы жаяу жүріс үшін кемінде 10 см, көлік құралдары үшін кемінде 25 см болуы керектігі қатаң ескертіледі.
Жанасыл Серікбол