Биыл Павлодар облысында 1,5 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жиналды. Шаруалар 2024 жылды осылай оң нәтижемен қорытындыланды. Бүгін ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара ұйымдастырылды. Онда шаруалардың жыл бойы жасаған жұмысы қорытындыланып, үздіктер марапатталды. Толығырақ Самал Қалиқызы айтсын.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орайластырылған шара өңірдің агроөндірістік кешенінің жетістіктері көрмесімен басталды. Көрмеге облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдері, шұжық, сүт өнімдері, жарма, күнбағыс майы, макарон, ет-сүт өнімдері қойылды. Өнімдермен танысқан аймақ басшысы шаруалардың биылғы жұмысына оң баға берді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жыл жақсы өтті деуге болады. 1,1 мың тонна дәніді дақылдар жиналды. Мал азығы, майлы дақылды 1,5 млн тлннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері жиналды. Қоймаға салынды.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің агроөнеркәсіптік кешені көрсеткіштерінің жоғары жетістіктері үшін Екібастұз қаласы алғашқы қатардан көрінді.

Павлодар облысының әр ауданы ауыл шаруашылығы саласына өзінше үлес қосып отыр. Ертіс ауданы егін шаруашығымен мақтанса, Баянауыл ауданы мал шаруашығын дамытуда әркез алда.

БАҚЫТЖАН КҮЛЖАН, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі көрмеге қатысып жетістіктерімізджі көрсетіп жатырмыз. Ет өндірісін дамытып жатырмыз. Кішігірім шаруашылықтар бар. Бүгінгі көрсеткіштер бар.

АЗАМАТ ҚАБДРАШИТОВ, ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

жауын шашын молынан астық көп алдық. Көрмеге ұсынып отырған тауарлар бұл өнімдер кондитерлік өнім ұсынып отырмыз. Қант алмастырғыз затпен. Қант зиян болса, бұл диета сол адамдар қолданады. Колориясы жоқ деп айтуға болады.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері ерекше құрметке ие. Себебі, өңірдің өсімдік пен мал шаруашылығы, агроөнеркәсіптік бағыттарында жоғары көрсеткішке жетуі – алдымен осы аграрийлердің жұмысының жемісі. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған шара марапатпен жалғасты. Алдымен бұл салаға үлес қосқан азаматтар тиісті марапатын алды. Олардың қатарында ветеринарлар да бар.

АЛЕНА КОЛОДЕЖНАЯ, ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ ВЕТЕРИНАРИЯ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРЫ

Ну ветеринаром я хотелле. Мен кішкентай кезімнен ветеринар болғым келді. Себебі жануараларды жақсы көремін. Осы Павлодар қаласынанмын, ветеринар мамандығында оқыдым. Бұл марапат мен өте маңызды. Қызметімді бағаландары үшін рахмет. Ветеринар болу жеңіл емес, сондықтан рахмет айтамын.

Жалпы салтанатты шара барысында 38 адам адам марапатқа ие болды. Кеш концерттік бағдарламамаен жалғасты.

 Самал Қалиқызы