Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов Ақсу активінің отырысында қаланың жаңа әкімін таныстырды. Жаңа басшыға сенім білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
Облыс әкімінің өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Ақсу қалалық мәслихатының келісімімен Ақсу қаласының әкімі лауазымына Болатбек Шәріпов тағайындалды. Ол 1973 жылы Ертіс ауданының Заречное ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Бұған дейін Ертіс ауданының әкімі қызметін атқарды. Асайын Байханов Ақсудың облыс экономикасын дамытуда маңызды мәнге ие екенін атап өтті. Қалаға өңірдің өнеркәсіп көлемінің шамамен 25% тиесілі. Жаңа әкімге ең әуелі қаланың дәл қазіргі мәселерін, атап айтқанда жылу мәселесін дереу шешуді. Сондай-ақ, Ақсу қаласындағы және ауылдық аймақтарындағы құрылыс аяқталмай жатқан нысындардың жұмысын мәреге жеткізу керектігін айтты.
Өңір басшысы осы уақытқа дейін Ақсу қаласын басқарған Нұрлан Дүйсенбиновке қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Жанасыл Серікбол