Ертіс өзені арқылы салынып жатқан ұзындығы 690 метрлік көпірдің құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл елдегі 1-ші санатты алғашқы көпірлердің бірі болмақ. Ал, аванттық жүйені қолдану өткелдің өне бойына біркелкі салмақ түсуін қамтамасыз етеді. Бірегей нысанның тағы қандай технологиялық ерекшелігі бар? Тілшіміз зерделеп көрді.

Қазіргі уақытта көпірдің жердегі тіреулері орнатылып болды. Құрылысшылар енді өзен үстінен 8 метр тереңдікте диаметрі 1,5 метрлік, ұзындығы 30 метр, 120 дана тіреуді бұрғылап қойып жатыр. Алып құрылысқа 200 ден аса адам жұмылдырылған. Павлодарлық Дәулет Шәкенов монтаждау маманы. Мүнай-газ саласында тәжірибе жинақтаған. Көпір салуға бірінші рет қатысып отырмын дейді.

ДӘУЛЕТ ШӘКЕНОВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ

Мына темір бағандарын қолмен өріп, тоқып тіреу ретінде қолданамыз. Бұған бетон құйылады. Осы көпірді салып отырғалы жарты жыл уақыт болып қалды. Осы жергілікті тұрғынымын Павлодар облысынікі. Жүк көліктері осы Ақсу қаласымен айналып жүреді 50-60 шақырым. Оларға кішкене қиындай. Осы көпірді салғаннан кейін алғыстарын айтатын шығар, риза болатын шығар тқтесінен өткенге.

Ескі көпір салынғалы 60 жылдан асты. Әбден тозып тұр. Қазір жеңіл көліктер мен қала маңына қатынайтын автобустардың жүруіне ғана рұқсат етілген.

АЛЕКСЕЙ ЛОГВИНЕНКО «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Көпірдің сапасына қатысты сараптама жасалып 2017жылдан бері апатты деп танылды. Содан бері ауыр жүк көліктері жүрмейді. Осыдан кейін барып үкіметтік деңгейде жаңа көпір салуға шешім қабылданды.

Жаңа көпір 4 жолақты болады. Технологиялық құрылымы да ерекше. Бұған дейін елімізде бұған балама боларлық бірде-бір нысан салынбаған екен.

НҰРМҰХАММЕД БЕЙСЕМБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

Қазіргі уақытта кестедегі көрсетілген жұмыстар мерзімінен бұрын орындалуда. Біз қыс бойы екі ауысымда жұмыс істейміз. Өйткені, көктемде Ертіс тасиды. Судың көтерілігені қауіпті әрі бөгет болады. Сол кезге дейін өзен табанындағы жұмыстарды бітіріп тастауды жоспарлап отырмыз.

Ал, көпірдің үсті таза Еуропалық үлгіде жасалады. Мінсіз салынуы үшін Еуропадан инженерлік топ шақыртылмақ. Бұл көліктік логистика саласындағы стратегиялық маңызды нысан ғана емес, республика бойынша архитектурасы ерекше көпір болмақ. 2026 жылы тапсырылады.

Жанасыл Серікбол