Павлодарлық бапкер 70 жасына қарамастан ізбасарларын дайындап келеді. Қария спорт арқылы балалардың физикалық денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың рухани және психологиялық тұрғыдан да дамуына көмектеседі.

Ертай Хайруллинұлының қимылына қарап 20-дағы жігітті көргендей боласыз. Самбо күресі мен боксты қатар меңгерген. Қазір бапкер.

ЕРТАЙ ЖӘМЕНКЕНОВ, АРДАГЕР СПОРТШЫ

Сол боксқа барып бокста қалып міне 68-69 жылдардан бастап бокспен шұғылданып 77 жылға дейін. 77 жылы кішкене иықтан жарақат алып содан бапкерлік жұмысқа түстім.

70-тегі қария 50-ге жуық спортшыны тәрбиелеп келеді. Мына шаршы алаң мен жаттығуға қажетті құралдарды кейіпкеріміз қолдан жасаған.

Бапкердің ізбасарлары республикалық сайыстарда топ жарған. Мәселен, Дамир Жақыпов жасөспірімдер арасында ӨТКЕН БОКС ТУРНИРІНің бас жүлдегері.

ДАМИР ЖАҚЫПОВ, ШӘКІРТІ

Маған бокс өте ұнайды. Мен жалпы айтқанда бітти кезімнен спортпен шұғылданып жүрмін боксқа 10 жастан келдім. Осы жаз күні 20-шы жылы. Өз құрметімді Ертай ағаға сыйлаймын. Ол маған көп тәжірибемді.

АҢСАР МАҒЗҰМ, ШӘКІРТІ

Әрине чемпион болу. Чемпион болып осы мақсаттарға жетелеген өз тренерімен алғыс айтам. Үйткені қаншама еңбектеніп бізге көптеген практика беріп жаңағы.

Ардагер боксшыға еліктейтін жастар көп. Қазір бапкер халықаралық сайыстарға спортшыларын дайындап жатыр.

Байтұрсын Жұмабай