Облыс әкімдігінде 2024-2025 жылдардың қыс-көктем кезеңінде белгіленген бағаны қамтамасыз ету, картоп пен сәбіздің қажетті көлемін сақтау жөніндегі меморандумға облыстың 22 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі қол қойды.

 Көкөніс өсірушілер әлеуметтік дүкендерде, фермерлер базарларында және өңірдің апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде картопты 110-120 теңгеден аспайтын бағамен, ал, сәбіздің 1 келісін 90-100 теңгеден аспайтын бағамен сатуға міндеттеме алды.

Өңір басшысы Асайын Байханов аграршыларға облыс халқының көкөністерге деген қажеттілігін барынша қамтамасыз етіп, картоп пен сәбіз бағасының өсуіне жол бермегендері үшін алғысын білдірді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Нарықтың өзгеріп тұратындығын көріп отырмыз. Озан әр түрлі ішкі, сыртық факторлар ықпал етеді. Бәсеке де өсіп жатыр. Әр жыл әр түрлі. Бір жылы өнім аз. Келесі жылы өнім мол сапа төмен. Ал, тағы бір жылы өнім де мол бәрі жақсы нарық аз болады. Осы мәселерді барлығы мемлекет басшыссы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен форумда талқыланды.

Маусымаралық кезеңде облыс нарығын қол жетімді көкөністермен қамтамасыз ету үшін көкөністердің сапасына кепілдік бере отырып, айына 1290 тонна картоп пен 433 тонна сәбіз сату есебімен 10000 тонна картоп және 3000 тонна сәбіз сақталатын болады. Меморандумның қолданылу мерзімі 2024 жылғы 19 қарашасынан 2025 жылғы 1 маусымына дейін.

Меморандумға қол қойған барлық өндірушілер бұған дейін жанар-жағармай, тыңайтқыштар, тұқымдар сатып алуға инвестициялық субсидиялау аясында мемлекеттік қолдау алушылар.

Жанасыл Серікбол