Бүгін облыс басшысы Асайын Байханов Ертіс ауданы активінің отырысында жаңа әкімді таныстырды. Меритократия қағидаты бойынша және ҚР Президенті Әкімшілігінің, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, өңір басшысының өкімімен Нығман Жүсіпов Ертіс ауданының әкімі болып тағайындалды.

Нығман Мүтәләпұлы 1978 жылы 12 қарашада Ертіс ауданының Северное ауылында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар. Еңбек жолын туған ауданында тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Мемлекеттік қызмет өтілі - 10 жылдан астам. 2020 жылдан бастап Ертіс ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Асайын Байханов жаңадан тағайындалған әкімнің алдына бірқатар міндеттер қойды.