Алматы қаласынан келген «Кеңес» орталығының мамандары Павлодар облысының әлеуметтік мекеме мамандарын семинарда оқытты. Семинар барысында психоневрологиялық сырқаты бар балалармен жұмыс, мидың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларды жаңа дүниелерге бейімдеу сынды тақырыптар қозғалды.

Облыстық психоневрологиялық балалар орталығында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталықтағы балалардың жағдайы әртүрлі әрі ауыр болғандықтан, олармен жұмыс жасау да оңай емес. Сондықтан жаңа заманауи үлгідегі стратегиялар, әдістер қажет. Осы ретте әлеуметтік мекеме мамандары үшін Алматыдан келген меймандар семинар ұйымдастырды.

МАЙРА СҮЛЕЕВА, МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН «КЕҢЕС» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Бүгінгі семинарда қолданылатын әдістер мен тәжірибелердің бәрі ғылыми дәлелдендеген. Бұл даладан әкелген дүние емес. Баланың жағдайына баға бермей, дәрігерлердің қорытындысына мән бермей тұрып әдістер ұсынылмайды. Себебі, біреулерге ол зиянын тигізуі мүмкін. Сонымен бүгінгі қолданылатын кешендік әдістер баяғыда ақ дәлеледенген, нәтижесі бар. Италияда 40 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бізде бұл 40 жылда өзгеріс болмады, бұрынғы бағытпен жұмыс жасадық.

Семинар нейропсихологиялық бағыттағы жинақталған тәжірибені беруге бағытталған. Шарада мидың функционалдық мүмкіндіктері, оған күйзелістің әсері туралы айтылды. Осы ретте орталық басшысы жалпы бұл бағыттағы әлеуметтік қызметкерлердің тапшы екенін ашық айтты.

МАЙРА СҮЛЕЕВА, МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН «КЕҢЕС» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Мәселен денсаулық сақтау және білім беру саласындағы дәл осындай мамандар біздің мамандарға қарағанда көбірек жалақы алады. Біздің балалармен жұмыс жасау қиын. Біздің мамандар кәсіби деңгейі бойынша жоғары. Себебі баланың жағдайы ауыр болған сайын онымен жұмыс жасау да қиын. Ол балаға көп стратегия ұсыну керек. Бірақ, жалақы, жалпы жағдай жасалмаған.

Қазіргі таңда орталықта 50 бала бар. Күндізгі стационарға 25 бала келіп отырады. Бәрінің диагнозы бір – психоневрологиялық сырқат.

НАТАЛЬЯ МАЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ПСИХОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ

Семинарға қатыстым. Өте ұнады. Көп ақпарат алдық. Бір орында отыра алмайтын балаға тиісті әдістер қолданылды. Нәтижесінде бүгін бүгін оның бәрін қызыға тыңдап, тапсырмаларды орындап отырғанын байқадық. Осыдан ақ семинардың нәтижесі бар екенні көруге болады.

Семинар 4 күн жүргізіледі, одан кейін халықаралық серіктестер қосылып онлайн сабақ береді. Тараз, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Түркестан облыстарында басталған семинар еліміздің өзге өңірлерінде жалғасады.

Самал Қалиқызы