Май ауданы Көктөбе орманшылығында орман өрттеріне қарсы станция ашылды. Енді жасыл желекті қорғауға мүмкіндік беретін техника жылы кең жерде, түрлі жағдайларға сақадай сай дайын тұрады. Толығырақ тілші сюжетінде.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме өңіріміздің 54 мың гектар аумағына жауапты. Ондағы Көктөбе орман шаруашылығына 9 мың гектар аумақ енеді. Орманшылықта қазір 15 орманшы мен техникалық құрам жұмыс жасайды. Облысымызда алғаш рет осында орман өртіне қарсы модульді станция ашылды.

Малика Элиясова, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары

Орман өртіне қарсы станция бұл әр орманшылық үшін жақсы көрсеткіш. Бізде орман өртін уақытылы сөндіруге барлық қажетті техника, мүмкіндік бар деп ойлаймын. Осы станцияның құрылысына, басы қасында жүрген азаматтарға алғыс айтамын.

Автопарк те соңғы жылдары жаңарған. Қазір тұрақ камаз, трактор, мотоциклмен біртіндеп толығып келеді.

Аждар Жүсіпов, Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы

Көктөбе орманшылығында бүгін жаңа модульді орман өрттеріне қарсы станция ашылды. Енді бізде көлік тұратын гараж үлкен болады, біз енді жергілікті төтеншеліктерге орман өртін сөндіруге көмектесетін боламыз. Мында камаз сынды үлкен техника да сияды. Алдағы уақытта лизинг рәсімдеп, тағы көліктерді жаңартатын боламыз.

Орман саласындағы азаматтар үшін бір қауіп – тілсіз жау. Сондықтан онымен күрес барысында мүмкіндіктердің мол болғаны маңызды.

Ерік Түсіпов, Көктөбе орманшылығының орман шебері

рман саласында ең бастысы тілсіз жау болып келеді, орман өрттері. Алдын алу шараларын жасау біздің жұмысымыз. Бұдан бөлек зиянкестер, адамдардың антропогендік факторлары болады. Түрлі алдын алу шараларын атқарамыз.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемеге 6 орман шаруашылығы кіреді. Алдағы уақытта қалған 4 орманшылықта осындай орман өртіне қарсы станциялар ашылады деп жоспарланып отыр.

Самал Қалиқызы