Отбасы күніне орай жастар бастамаларын дамыту орталығында құрсағында бөпесін күтіп жүрген келіншектерге пайдалы кеш ұйымдастырылды. Қаламыздың білікті мамандары оларға кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді.
Жүктілік кезінде әйел адамның бойында бір уақытта бірнеше сезім билейді. Ана мен баласы үшін маңызды кезеңде барынша жақсы сөздер естіп, жақсы сезімде жүрген маңызды. Әсіресе алғаш ана атанғысы келіп жүрген әйелдерде ерекше толқыныс болады. Әлеуметтік желі дамыған заманда алатын ақпарат та мол. Бірақ оны білікті мамандардан тыңдаған абзал. Осы ретте болашақ аналар үшін жастар бастамаларын дамыту орталығымен керемет кеш ұйымдастырылды.
Гүлбаршын Қасенова, Павлодар қаласының тұрғыны
Мен өзім бірінші рет келіп тұрмын. Мен ойлаймын, осындай кештер жиі өткізілуі керек деп. Маңызды, бір бірімізбен энергия алмасамыз. керекті ақпараттар аламыз. Өте керемет бұл менің үшінші жүктілігім оған қарамастан, қазір жаңашылдық көп. Ақпарат аламыз. Керекті мағлұматтар естиміз.
Бейби шауер пати кешінде 60 –қа жуық келіншек қатысты. Оларға Павлодар қаласының мықты гинеколог-акушер, нутрициолог, психолог, доул мамандары дәріс оқыды, сұрақтарына жауап берді.
Жандарбек Қабдраш, жастарға қызмет көрсету орталығының басшысы
Бейби шоуер пати, бұл отбасы күінне орай ұйымдастырылып отыр. Яғни болашақ аналарға әртүрлі мамандар кеңес береді. Ол психолог маманы, гинеколог акушер, нуирициолог, доула мамандар. Баланың күтімі бойынша кеңес берілетін болады. Барлығы сұрақ-жауап ретінде өтеді.
Шара соңында лоторея ұйымдастырылды, онда келген жүкті келіншектерге демеушілер атынан түрлі сый-сияпаттар табысталды.
Самал Қалиқызы