Павлодарда тәртіп сақшылар ішімдік ішкен жүргізушіні ұстады. Бұл жолы BMW автокөлігінің иесі қолға түсті. Алайда ол бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Оқиға таңғы бесте орын алды. Жүргізуші Бұқар Жырау көшесіндегі ауланың ішінен шығып бара жатқан. Полицияның тоқтау туралы дабылын елемей, қозғалысын жалғастырған. Алайда тәртіп сақшылары оны көп ұзамай тоқтатты. Медициналық сараптама оның мас күйде болғанын растады. Бұл оның алғашқы құқық бұзушылығы емес. Өткен жылы да дәл осындай жағдайда ұсталып, сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған еді. Биылдың өзінде облыста 1000-нан аса жүргізуші мас күйінде көлік айдаған. Оның ішінде 200-ден астамы – бұрын құқығынан айырылған. Барлығы заң аясында жауапқа тартылды. Полиция тұрғындарды абай болуға шақырады.

Сабина Жолдаспаева