Мемлекет басшысы өз Жолдауында экологиялық мәдениет пен білім берудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты өңірде экомектептер жұмысына ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай бастама жастарға табиғатты қорғауды үйретіп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.

Павлодардағы экомектеп орталығында экологиялық білім беру бағытында түрлі шаралар өтеді. Оқушыларға табиғатты аялаудың жолдары түсіндіріліп, жасөспірімдерге экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сабақтар ұйымдастырылады.

Әсия Қасенова, қосымша білім беру педагогы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында экологиялық білім беру мәселесі талқыланды. Соған байланысты біздің орталығымыз үш бағыт бойынша жұмыс атқарады. Әр бағытта экологиялық білім беру қамтамасыз етілген. Яғни, өлкетанушылар, туристер терең меңгереді. Біздің жалпы мақсатымыз тәрбиенушілерге экологиялық мәдениетті бойларына сіңіру. Өткізіп жатқан, біздің қалалық, облыстық деңгейдегі экологиялық акциялар, сынып-сағаттар, семинарлар арқылы тұрғылықты тұрғындарға экологиялық мәдениетті бойларына көзқарастарын қалыптастыру.

Экомектепте оқушыларға арналған шеберлік сабақ өтті. Балалар сәндік жасыл өсімдіктерді отырғызды. Қалада сирек кездесетін түрлерін де екті. Оқушылардың айтуынша, олар өз еңбектері арқылы қаланы көркейтіп, таза ұстауға үлес қосады. Балалар осы орталыққа тұрақты қатысады.

Амира Шоханова, 6-сынып оқушысы

Мен бұл орталыққа мектептен жіберді. Содан бері түрлі байқауларға қатысып, суреттер саламын. Маған табиғатты бақылау қызық. Тазалық жұмыстарын жасаған ұнайды. Қаланы таза ұстау бәріміз үшін маңызды. Біздің сыныптағы оқушылардың жартысынан көбі экомектепке келеді және табиғатты қорғауға атсалысады.

Орталықтың тәрбиеленушілері табиғатты қорғауды өмір салтына айналдырған. Жас ұрпақтың бұл бастамасы қоғамға үлгі.

Сабина Жолдаспаева