Павлодар облысында онкологиялық аурулар бойынша көрсеткіш төмендеп келеді. Бұл ерте анықтау, яғни скринингтік жұмыстардың қарқынды жүргізілуімен байланысты. Толығырақ тілші сюжетінде.
Қазіргі таңда Павлодар облысы онкологиялық көрсеткіш бойынша елімізде төртінші орында. Айта кетейік, көп жылдар бойы біздің облыс қатерлі ісік бойынша алдыңғы орында болатын. Өлім-жітім көрсеткіші де өңірде көш бастап тұрған. Енді міне онкологиялық диспансердің тиімді жұмысының арқасында көрсеткіш төмендеді. Республика бойынша 7 орындамыз.
Әсел Асқарова, Павлодар облысы онкологиялық диспансері директорының орынбасары
Облыста сүт безінің обыры бірінші орында, екінші орында колоректальды, яғни тік ішек пен тоқ ішек ісігі, үшінші орында өкпенің қатерлі ісігі, төртінші орында асқазан обыры, бесінші орында жатыр мойыны қатерлі ісігі. Жалпы статистиканың төмендеуі онкологиялық орталықтың жұмысының күшеюімен байланысты. Қатерлі ісікті ерте анықтау жағдайы жақсарды. Скринингтің үш бағдарламасының арқасында қатерлі ісік ерте анықталып жатыр.
Сонымен, обырды анықтау бойынша скринингтің үш түрі бар. Оның арқасында жыл басынан облыста 87 жаңа жағдай тіркелді. Олардың басым бөлігі сүт безінің қатерлі ісігі. Тіпті сақтандырылмаған азаматтар да ашық есік күндері онколог-дәрігерлердің қабылдауына келе алатынын, мамандар еске салады.
Сергей Борисенко, Павлодар облысы онкологиялық диспансерінің бөлімше меңгерушісі
Онкологиялық ауру бұл әлеуметтік сырқат. Сондықтан көптің назарында. Өкінішке қарай, ересектер де жастар ауырады. Сондықтан біздің негізгі мақсат сырқаттанған адамды емдеп, қайта әлеуметтендіру.
Сонымен қатар, облыста онкологиялық диспансерде есепте тұрғандардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші артып келеді.
Әсел Асқарова, Павлодар облысы онкологиялық диспансері директорының орынбасары
Осы қыркүйек айының 27 күні таңғы 9-дан бірге дейін онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді. Гинекологиялық сырқаттарды анықтауға басымдық беріледі. Қазан айында сүт безінің қатерлі ісігін анықтау мақсатында бірқатар шаралар өтеді. 11 қазанда сағат таңғы 10-да орталық жағалауда үлкен марафон болады. Бұл сүт безінің қатерлі ісігін анықтауға бағытталады.
Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 14 мыңға жуық адам есепте тұр. Қатерлі ісікпен өңірде 90-ға жуық бала ауырып жатыр.
Самал Қалиқызы