Көне Түркістан шаһарының құнды жәдігерлері қаламыздағы «Ертіс» музейінде орын тепті. Көшпелі көрмені бүгіннен бастап қала қонақтары мен тұрғындары тамашалай алады. Шара Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына арналып отыр. Толығырақ тілші сюжетінде.

«Ertis» музейінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жәдігерлерінен ұйымдастырылған «Түркістан - Мыңжылдықтар сәулесі» атты көшпелі көрмесі ашылды. Көрме арқылы Түркі халықтарына ортақ ұлы ғұлама - Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысы мен мұраларын ұлықтау, шәкірттері мен олардың еңбектерін таныту мақсат етіліп отыр.

Жеңісбек Қадырұлы, Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің экскурсовод жетекшісі

Мұнда ұйымдастырылудағы негізгі мақсаты екіжақтық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу. Яғни бұл көрмеде Қожа Ахмет ясауидің өмір деректерінен көптеген тарихи жәдігерлер әкелініп отыр. Яғни Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына жасалынған, киген киімдерінен, ұстаған заттарынан, қолданған кітаптары, жазылған Құрандары, Ясауи кесенесіндені жайнамаздары , басқа тілге аударылған көптеген құнды жазбалар, деректерді осы көрмеден көруге болады.

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығына Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Ясауи музейі, сирек жәдігерлер музейі кіреді. Біздің өңірге жеткен көшпелі көрмеде, Түркістан оазисі қалаларының тарихы - Шербай, Шопан қорымдарынан табылған археологиялық материалдар мен Шауғар-Шойтөбе, Ясы-Күлтөбе қалаларының тарихи жәдігерлері, Қожа Ахмет Ясауидің туған және өскен Сайрам-Исфиджаб, Ясы-Түркістан қалалары мен Ясауи шығармалары, ұстаздары мен шәкірттері, ізбасарлары туралы тарихи деректер, Ясауи кесенесінің салыну тарихы, ондағы сирек кездесетін бірегей тарихи мұралар туралы ақпараттар беріледі.

Жеңісбек Қадырұлы, Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің экскурсовод жетекшісі

Түркістан деген киелі өңірлердің бірі, қаншама хандарымыз, батырларымыздың жатқан жері. Бұл көрменің маңызы зор. Қазан айының 18-іне дейін жалғасады. Келсін, қарасын, көрсін. Жалпы Қожа Ахмет Ясауидің кім болғанын, қандай адам болғанын, құнды деректерді өз көзімен тарихи, рухани азық алуға әбден болады.

Көрмеде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің негізгі қорынан 90 экспонат ұсынылып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмені 18 қазанға дейін тамашалай алады.

Самал Қалиқызы