Павлодарда жол қозғалысы ережесін елемеген жүргізушілер бейнекамера көмегімен анықталды. Айта кетейік, жедел басқару орталығы тәулігіне елуге жуық құқық бұзушылықты тіркейді. Оның басым бөлігі жол ережесіне қатысты.
Мәселен, бір тәулікте қалада 50-ден астам тәртіпсіздік тіркелді. Соның ішінде 38 дерек жол қозғалысы ережесін сақтамаумен байланысты. Жүргізушілердің ең жиі жіберетін қателігі - қауіпсіздік белдігін тақпау және рульде отырып ұялы телефон пайдалану. Мысалы, Назарбаев көшесінде Lexus автокөлігінің иесі бірден екі ережені бұзған.Тағы бір жағдайда Hyundai жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік айдаған. Барлық дерек бойынша әкімшілік шара қолданылды. Ішкі істер органдары жолда заңды сақтау әр жүргізушінің міндеті екенін еске салады. Құқық бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылады.
Сабина Жолдаспаева