Облыс аумағында қыркүйектің 15-сі мен 30-зы күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел шарасы өтуде. Бұл күндері полиция қызметкерлері аймақ жолдарында кезекшілік жүргізіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Операция мақсаты азаматтарға жол қозғалысы ережесін түсіндіріп, бұзушылыққа жол бермеу. Алайда ай сайын ақпараттандыру шаралары жүргізілгенімен статистика көңіл көншітпейді. 8 айда өңірде 703 жол көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 42 адам көз жұмды. Мыңға жуық адам түрлі жарақат алды. Сондай-ақ алкогольді ішімдік ішіп алып рөль басқаратын азаматтар саны да қысқармай отыр. Заң күшейгенімен бұл оны елемейтін тұрғындар бар. Жол ережесін сақтамайтын жаяу жүргіншілердің кесірінен 209 жол апаты орын алды. Тәртіп сақшылары барынша азаматтарға жол үстінде абай болуға шақырады.

Облыста тіркелген жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жылдамдық режимін бұзу болып отыр. Биыл 91 319 жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1 029 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталған. Қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камералары Жедел басқару орталығына қосылған. Бұл жүйе жол қозғалысын бақылап, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Тәртіп сақшылары жолда абай болуды ескертеді.

Әйгерім Тоқпанқызы