Дүниежүзілік сүйек миы доноры күні қарсаңында облыстық қан орталығында ауыр науқастарға өмір сүруге үміт сыйлап жүрген павлодарлық донорлар марапатталды. Сюжеттен көрейік.
Онкологиялық ауруларға шалдыққан көптеген науқастар үшін сүйек миын трансплантациялау — жалғыз ғана құтқару жолы. Елде донорлардың бірыңғай тіркеуі құрылған.Бұл өз бағаналы жасушаларымен бөлісуге дайын адамдардың деректері жинақталған арнайы база. Осы жылдар ішінде оған 5 мыңнан астам павлодарлық қосылған. Қорқыныш сезімдерімен күресу үшін қан орталығында жедел желі іске қосылды.
Бүгін облыстық қан орталығында саналы түрде адамдарға көмектесуге және өмір сүруге үміт сыйлауға шешім қабылдаған донорларға алғыс хаттар мен ризашылық сөздер айтылды. Алайда, адам донорлар тіркеуінде болса да, бұл оған міндетті түрде сүйек миын тапсыру қажет болады дегенді білдірмейді. Тәжірибеде тіркеуде тұрған көптеген еріктілердің ішінде нақты науқаспен генетикалық сәйкестік — өте аз. Павлодарда мұндай жағдайлардың бірі 4 жыл бұрын болған.
Ержан Досымжанов, Павлодар қаласының тұрғыны
Адамдарға донор болуға кеңес берер едеім. Себебі бір адам талай адамның өмірін құтқара алады.
Бүгінгі таңда Павлодардың тағы екі тұрғыны сүйек миының әлеуетті доноры ретінде тіркеліп, болашақта ауыр дертпен күресіп жүргендер үшін құтқарушы болуға мүмкіндік алды. Маман¬дардың айтуынша, жыл сайын елде 200-ден 300-ге дейін сүйек миын трансплантациялау қажет науқас анықталады. Олардың ішінде шамамен жүзге жуығы — балалар. Айта кетейік, донор тақырыбына назар аударту мақсатында балалар сурет байқауы басталды.
Дильназ Қуанышбекқызы