Май ауданы Баскөл ауылындағы Амангелді Иманов атындағы мектеп биыл күрделі жөндеуден өтті. Заманауи қалыпқа енген білім ордасының келбетін біздің түсірілім тобы таспалап қайтты.
Күрделі жөндеу биыл көктемде, мамыр айында басталып, тамызда аяқталған. Жаңа оқу жылына су жаңа мектеп сақадай сай болды. Қазір 100 ден астам бала білім алып жатыр. Жөндеу «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жасалды. Оқу ордасы толықтай жаңартылды.
Шынар Қожаханова, А. Иманов атындағы лицей-мектебі басшысының орынбасары
Жылу жүйесі өзгертілді. Электр энергеиясы өзгертілді. Қабырғасы әрленді. Жаңадан жиһаз келді. «Ауыл-ед бесігі» бағдарламасының арқасында оқушыларымыз жақсы бір ғимаратқа ие болды.
Жөндеудің жетістігі ретінде жаңадан салынған спорт алаңдарын айтуға болады. Футбол, баскетбол, волейбол алаңдары оқушыларға өте ыңғайлы. Заманауи үлгіде салынған. Сонымен қатар, ойын алаңы құрылған. Осылайша оқушылар сабақаралық үзілісте бой сергітіп алуға жағдай жасалған.
Шынар Қожаханова, А. Иманов атындағы лицей-мектебі басшысының орынбасары
Біздің мектебімізде 25 ұстаз еңбек атқарады. Биылғы оқу жылында 2 жас маман келді. Біреуі физика, біреуі бастауыцш сынып мұғалімі. Барлығы жоғары білімді. Педаогог зерттеушіміз де, сарапшыларымыз да, модераторларымыз да жұмыс жасайды.
Мектепте әр түрлі үйірмелердің жұмысы қызу. Оқушылар сабақтан бөлек өзге де өнер түрлерін үйрене алады. Домбыра тартып, ән мен күй өнерінің әліппесін таниды. Терең білім мен тағылымды тәрбиені тең ұстаған оқу ордасының шәкірттері талай биіктен көрініп жүр.
Күлбаршын Масғұтова, А. Иманов атындағы лицей-мектебінің ұстазы
Жылда-жылда біздің оқушыларымыз ғылымыи жобаларда жүлделі орындарға ие болады. Пән олимпиадалырының жүлделі орын алады. Былтыр бір оұушылымыз «Зерде» байқауына қатысып «Құрмет» грамотасын алды. Осы мектепті ңтүлегі, 1-6 сыныпта бізде оқыған Қайыргелді Ерсұлтан Бір оқушымыз биологиядан халықаралық олимпиадада қола дүлдеге ие болды.
МЕктеп ұжымы алдағы жылдары бұдан да биіктерді көздеп отыр. Енді оған шын мүмкіндік бар. Жөндеуден кейін жаңа кабинеттер құрылды. Материалдық-техникалық база жаңарды.
Жанасыл Серікбол