Баянауыл ауданы Ескелдіде «Қазақ билері алқасыны» республикалық қоғамдық бірлестігінің бесінші жиыны өтті. Онда бір жыл бойы атқарылған істер баяндалды.

Жиын жұмысы бата рәсімімен басталды. Елімізге белгілі батагөй Балтабай Сыздықов баршасына арнаған игі тілегін жеткізді. Жиын басталмай тұрып бірқатар адамға билер алқасының мүшелік куәлігі табысталды. Осылайша бірқатар ақсақал қазақ билерінің қатарына қосылды. Ал, мәжіліс жуырда ғана ашылған Мәшһүр Жүсіп музейі жанындағы конференция залында өтті. Алдымен билер алқасының бас биі бір жыл бойы атқарылған жұмыстар баяндалды.

Әбу Мұхаммед Орынбасарұлы, «Қазақ билер алқасы» РҚБ бас биі

Былтырғы жоспарда біз үш бағытты міндет етіп алдық. Сол үш бағыттың аясында қазақ билер алқасы жұмыс жасады. Бірінші, мемлекеттің тыныштығы мен ел бірлігін нығайту. Екінші мәдени және тарихи мұраларды дәріптеу. Үшінші заманауи медиация жүйесін дамыту. Міне, осы үш бағытта қаншама жұмыс жасадық 02.33

Жиналғандардың баршасы бүгінгі қоғам тынысы, жастар тәрбиесі, ұлт бірлігі турасында ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Жиынға жастар да қатысты. Оксфорд универсиетінде білім алып келген баянауылдық жас ғалым, ұлттық тәрбие бағытындағы осындай бірлестік жұмысының маңызына тоқталды.

Нұрсұлтан Мұсаханұлы, жас ғалым

Білімін, ілімін, технологиясын игеретін болсақ тәрбиеміз ұлттық негізден ажырамауы керек. Осы тұста қазақ билер алқасының бағыт-бағдары, үлкен ақсақалдардың кеңесі, ақылы өте маңызды. Соған қатысты маңызды ойлар айтылып жатыр.

Бесінші рет өткізіп отырған бас қосуға еліміздің әр облысынан билер жиналды. Олардың қатарында қазақтың құрметті төбе би Серікққали Ыбытаев та бар.

Жиынан соң бас биді сайлау рәсімі өтті. Сайлау қазақы дәстүрмен шар салу тәсілі бойынша өткізді. Бас биге екі кандидат ұсынылды. Көпшіліктің дауыс беруімен бұл қызметті бір жыл атқарған Әбу Мұхамет Орынбасарұлы бас би қызметіне қайтадан сайланды.

Жанасыл Серікбол