Павлодар қаласында жылыту маусымы басталды. 10 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу берілді.
Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес көпқабатты тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу кезең-кезеңімен жүзеге асады. Яғни, үйлерге орташа ауа температурасы сақталған кезде беріледі. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен тиімділігі үшін енгізілген.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Бүгінгі таңда ауруханалар, мектептер, бала-бақшалар сияқты әлеуметтік нысандарға жылу жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда. Ережеге сәйкес көпқабатты тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу үшін орташа тәуліктік ауа температурасы үш күн қатарынан +10 °C немесе одан төмен деңгейде сақталуы қажет.
Әлеуметтік нысандарға жылу толық беріліп, көпқабатты үйлер біртіндеп жылу жүйесіне қосылады.
Сабина Жолдаспаева