Павлодарда полицейлер аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен екі қызды ұстады. Олар Жетісу облысының тұрғындары екені анықталды.
Жедел уәкілдерге 24 және 25 жастағы қыздардың есірткі айналымына қатысы бар екені туралы ақпарат түскен. Тінту кезінде күдіктілерден «жасырма» әдісімен таратуға дайындалған оралымдар табылды. Сараптама олардың синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтағанын дәлелдеді. Ұсталғандар өз кінәсін жасырған жоқ. Олар алдын ала дайындалған есірткіні сатып алғандарын және Павлодар қаласында жасырын орындарға қойып отырғанын айтқан. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыздар қамауға алынды.