Павлодар қаласының №37 жобб мектебінде оқушылар денешынықтыру сабағында бөтелкеге «крот» құбыр тазартқышын салып, футбол ойнаған. Салдарынан, пластик бөтелке жарылып, 7 бала химиялық затқа күйіп қалды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

6-сынып оқушылары «крот»+мохито+фольга химиялық заттарын араластырып, ойын ойнаған. Химиялық зат балаларға шашырап, қол саусақтарын, бет-әлпеттері мен көздерін күйік шалған. Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жасөспірімдердің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қахарман Баймұратов, комбустиолог дәрігер

Ауруханаға мектептен жеті бала химиялық күйікпен жеткізілді. Бақыттарына қарай, күйіктің ауданы мен тереңдігі аса қатты болмады. Барлық балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқиға орнында медицина қызметкерлерімен қатар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және Апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді.

Тимур Нұркешев, Павлодар қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Бүгінгі болған жағдайға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Дене шынықтыру сабағында оқушылардың іс-әркеттері бойынша жалпы ата-аналарға тиім салынған заттарды мектепке әкелмеу бойынша тергеу жұмыстары жүргізіледі.Мектеп әкімшілігі мен денешынықтыру мұғаліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін шара қолданылатын болады.

Балалар ама-есен үйлеріне жіберілді. Аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін хабарланатын болады.

ДИЛЬНАЗ ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,ДӘУРЕН СЫЗДЫҚ ЕА