Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталығында «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті. Шараға әлеуметтік қызмет мамандары, педагогтер және балалар қатысты.

Бұл диалог алаңында қатысушылар зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның балаларға тигізетін әсері туралы пікір алмасты. Оның теріс салдары туралы арнайы видеороликтер көрсетіліп, балалардың психологиясына және өміріне тигізетін зияны сөз болды.

КӨРКЕМ САГИЕВА, АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ МҰҚТАЖ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бірнеше спикерлер келді өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге, және әр түрлі мамандағы специалисттер келді. Осы тақырыпты талқыға салып, бі шешімге келу және тәжірибемен бөлісу осы іс-шарада видеороликтер көрсетіледі. Әр спикердің жұмыстары қыметтері осы акцияға қарсы қандай шара өткізілуде қандай мағлұматтар олардың тұжырымы балаларға деген кеңес беріледі үлкен топтың балаларына.

Психолог мамандардың айтуынша, зорлық-зомбылық көрген балалар өз-өзіне сенімсіз болады. Одан басқа сабаққа деген қызығушылықтары да жоғалады. Мұндай балаларда тұйықталу және белсенділіктің төмендеу сияқты белгілер жиі байқалады.

МАКСИМ ПОСТОЯЛКО, ПСИХОЛОГ

Бүгін біз зорлық-зомбылықты насихаттайтын тақырыпта сөз қозғаймыз. Бұл төңіректе ой бөлісіп, талқылайтын боламыз. Әдетте мұндай балалар тұйық мінезді болады. Яғни, олар жеке гигиенасын сақтамауы мүмкін және сырт келбетіне де мән бермейді. Сондай-ақ, олардың эмоционалдық күйзеліске түсуі жиі байқалады. Бұл көбінесе сабақтан қалу, білімге, ойынға қызығушылықтары жоғалуы сияқты белгілер арқылы көрінеді.

Айта кетейік, әлеуметтік орталықта қазіргі уақытта ата-аналары тастап кеткен немесе зорлық-зомбылық көрген 69 бала пана тауып отыр. Орталық қызметкерлері балаларға жекелей кеңес беріп, қолдау білдіреді.

Сабина Жолдаспаева