Бүгін - Дүниежүзілік еріктілер күні. Еріктілер - бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдар тобы. Ақысыз қызмет етушілердің жұмысын әрбір саладан түрлі бағытта көруге болады. Бүгін мерекеге орай барлық еріктілер ұйымы жастар орталығында бас қосты.

Павлодардағы жастар орталығында өңірдегі барлық белсенді еріктілер ұйымының форумы өтті. Бұл шарада қайырымды жастар мен ұйым мүшелері марапатталды.

НОЯН ШОМАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі шарада 100ге жуық ерікті мен 60 ұйым қатысуда. Негізінде бұл бас қосудың маңызы зор, осы шара арқылы тәжірибе алмасып, алдағы жоспарларыңызбен бөлісуге мүмкіндік бар

Форумда концерттік бағдарлама ұсынылып, кофебрейк ұйымдастырылды. Қатысушы еріктілер арасында жас айырмашылығы жоқ.

Форумның мақсаты – еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында атқарылып жатқан шараларды қорытындылау. Ертіс өңірінің еріктілері өз еркімен қайырымдылық шараларына қатысады.

ГҮЛНӘР ИСАҚАНОВА, «ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ» ПОФ ТӨРАҒАСЫ

Бүгінгі күн жыл бойы жасалған жұмыстардың қортындысы....жыл бойы үлкен үлкен іс шаралар атқарып жатыр

Айта кетейік, бұл шара дәстүрлі түрде үйымдастырылады. Жыл сайын қатысушылардың да саны едәуір өскен.

Байтұрсын Жұмабай