Қазір еліміздегі қарулы күштер қатарында Отан алдындағы борыштарын өтеп жатқан егіздер жиі кездеседі. Мәселен, Көкшетауда егіздер мерзімді әскери қызмет өтеп жатса, екінші егіздер келісім шарт бойынша жауынгерлік бағытты таңдап жатыр. Осындай сарбаздар Павлодарда да бар екен. Әріптесіміз олармен тілдесіп қайтты.

БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ

Біз дәл қазір Павлодар қаласында орналасқан 6679 әскери бөліміне келіп отырмыз. Бұл бөлімде қос егіздер Отан алдындағы борыштарын өтеп жатыр. Алда таңысатын боламыз ендеше кеттік.

Әлембек пен Әсембек Рахматулла әскерге бару туралы шешімді бірге қабылдаған. Сыңарының оқу бітіргенін екіншісі күткен. Екеуі де ережесіз жекпе-жек бойынша спорт шеберлігіне үміткер.

ӘЛЕМБЕК, ӘСЕМБЕК РАХМАТУЛЛА, ЕГІЗ САРБАЗ

Әскерге келу туралы шешімді араларыннан бірінші болып кім қабылдады. Бірінші мен қабылдадым. Басында бір өзім кетіп қалайын ба дегем анамыз рұқсат бермей қойды. Колледжді бітіріп бірге барасында деді ғой. Егіздерді айыруға болмайды

Ағайындылар Шымкент қаласынан шақырылған. Олар Әскери бөлімдегі жасаққа да бірге түскен. Жауынгерлік дайындықта да аралары ажырамайды.

ӘСЕМБЕК РАХМАТУЛЛА, ЕГІЗ САРБАЗ

Әр жасаққа түсетін күні осындай жаттығу жасаймыз. 24 нормативті орындаймыз. Қаруды оқсыздандыруды орындаймыз. Ұмытып қалмау үшін.

МҰХАНБЕТӘЛІ ӨСЕРБАЙ, 6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ РОТА КОМАНДИРІ

Оларға берілген командалар жауынгерлік қызметке түсетін олардың біреуін алып қап біреуін қызметке түсіру олай болмайды. Үйткені бір ананың бір құрсақта туылғаннан кейін айтадығой алла айырмаса басқалардың айыруға несі жоқ. Сондықтан жауынгерлік қызметте де оларды бірге алып жүреміз

Ал егіз Нұрсұлтан мен Ерсұлтан Салықовтар Қостанайдан келген.Бірі әскери бағытта қаламын десе, бірі қандай мамандық таңдайтынын қарастыруда. Қазір егіз сарбаздар жақын достарға айналған.

НҰРСҰЛТАН МЕН ЕРСҰЛТАН САЛЫҚОВ

Әскерге аттанарда әкем уайымдаған жоқ, керісінше анамыз жібергісі келмеді. Қазір анамызға жиі хабарласып тұрамыз, егіз болғандықтан ерекше байланыс болады. Мысалы, егер інім басқа жақта болса оны іздеп тұрасын. Сондықтан көбінесе бірге жүреміз.

Павлодардағы 6679 әскери бөлімінде 200-ге жуық жауынгер мерзімді әскери міндетін өтеп жатыр. Егізді алғашында достары мен командирі жиі шатастырған екен.

Байтұрсын Жұмабай