№1 қалалық аурухананың дәрігері облыстың ең үздік невролог дәрігері атанды. Дәрігердің еңбек жолы туралы келесі сюжетте айтамыз.

Людмила Титаренко неврология саласында 1990 жылдан бері. Қаламыздағы инсульт орталықтарының қалыптасуына үлес қосқан жандардың бірі. Дәрігердің жылдар бойы атқарған еңбегі еленіп, биыл облыстың ең үздік неврологы марапатына ие болды. Білікті маман халықаралық неврологтар күні қарсаңында марапатқа иеленді.

ЛЮДМИЛА ТИТАРЕНКО, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Менің жұмысымның ауқымы өте кең. Қаламыздың барлық аудан, облыс неврологтарымен тығыз байланыстамын. Меңгеруші болсам да өзімнің пациенттерім бар. Жалпы неврологиялық аурулар қиын. Сондықтан тез нәтиже күтпеу керек. Кешенді ем алуға көмектесеміз, барлық диагностикалық ем шаралар жасалады.

Қаламыздағы №1 аурухананың неврологиялық бөлімшесінен айына 100-120 науқас өтеді. Оның ішінде 3-5 науқас операциялық ем алады. Соңғы кезде облыс бойынша шашыранды склероз ауруы көбейген. Облыста 15 адам ауырады екен. Бұл ковидтен кейінгі иммунитеттің төмендеуімен байланысты дейді дәрігер. Ал, марапатын тіпті күтпеген.

ЛЮДМИЛА ТИТАРЕНКО, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Негізі мен бұл марапатты бұрын күткенмін. Шынымды айтсам. Бірақ осы жылы тіпті күтпедім, ойламадым. Менің аты жөнімді айтқан кезде қайдан, қалай сахнаға шығарымды білмедім. Эмоциямды жасыра алмадым. Әріптестерім бәрі қолдады.

Неврологиялық бөлімшеде шашыранды ұмытшақтық, миастения, гиенна барре синдромы, менингит, энцефалиттің ауыр түрлері емделеді. Тіпті грыжалары мен протрузиялары бар сырқаттар да осында жатады.

НАЗЕРКЕ ЕРЛАНОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ НЕВРОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Людмила Николаевна менің алғашқы тәлімгерім. Неврологиялық пациенттерді қабылдаудан бастап бәрін осы кісіден үйрендім. Өте қамқор, бәрімізге жаны ашып тұрады. Қолдап, көмектесіп тұрады. Мен мында 5 жылдан бері жұмыс жасаймын.

Людмила Титаренко мамандықты жақсы көру керек дейді. Біреуге көмектесу, қолұшын беру қасиеттерінің бойда болуы да маңызды екен айтып отыр. Жетістіктің кілті де - осында.

Самал Қалиқызы