Мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты жұртшылық тарапынан жылы қабылданып, толымды пікірлер айтылуда. Зиялы қауым өкілдері мемлекет басшысының қазақ тілі турасында айтқан ойы мен бастамаларын қуана құптайды.

Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілінің болашағына алаңдаушылық жоқ екендігі айтылған сұхбатта, қазақ тілі таралуы жағынан 79 орында екендігіне мән берілді. Ал, алдағы уақытта мемлекетті тілдің дамуы үшін әр түрлі шаралар атқарылуы керектігіне тоқталған Президенттің ойын павлодарлық зиялы қауым өкілдері қолдайды.

ШОЛПАН БАЙҒАЛЫ, АҚЫН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Президенттің айтқан сөзінде мультфильмдерге, киноларға қазақ тілінде түсіруге басымдық беру керектігі айтылған. Біздің де ойымыз осы. Болашақта біздің балаларымыз қазақ тілінде сөйлеу үшін қазақша фильмдерді, анимациялық фильмдерді өте көбейту керек. Өйткені, балалардың қазір көретіні де, әлеуметтік желілердегі балалардың фильмдері орыс тілінде келе жатыр. Осыны қарау керек. Тіл болмаса халық та жоыйлып кетеді

Тіл үшін жасалған шара – ел болашағы жолындағы қам-қарекет. Ақын, ардагер журналист Шолпан Байғалы бұл жолда ең өркениетті қадамдардың барлығы жасалауы керектігін айтады.

Жанасыл Серікбол