Картоп бағасы алдағы 2-3 күнде тұрақтайды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Назгүл Хатепова айтты. Оның сөзінше соңғы үш күнде бағаның төмендегені байқалады. Сонымен қатар, ол экспортқа неліктен шектеу қойылғанын түсіндіріп, фермерлерді ішкі нарықта сауда жасауға шақырды.

НАЗГҮЛ ХАТЕПОВА, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жақсы бағамен экспортқа сатқаны әрине бұл шаруалар үшін өте жақсы. Себебі олардың өзіндік шығындарының өзі жыл сайын артып жатыр. ++ Алайда, біздің үкіметтің алдында тұрған ең бірінші мәселе ішкі нарықты қамтамасыз ету ішкі нарықта бізде сұраныс өте көп қазір. Артық көлемдер қалып қоймайды, шіріп кетпейді, ішкі нарықта тап сондай сұраныс бар.