Сақ болыңыздар! ІІМ жолаушыларға үндеу жасады. Ауа райы жағдайына байланысты республика бойынша жолдар жабылуда.

Қатты боран мен аяздан жолдар жабылып, көлік озғалысына шектеулер енгізіліуде. Қазіргі уақытта 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-ында шектеулер енгізілген делінген министрлік хабарламасында.

АЙДЫН ОРАЗБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы "ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-арнасында, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар. Жолда сақ болыңыздар!

Павлодар облысы бойынша барлығы 189 жылыту пункті бар. Бүгін 1-11-сыныптарға арналған сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Жанасыл Серікбол