Өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды. Құтқарушылар техникаларын дайындап, нөпір су келу мүмкін аймақтарды қадағалауға алды.

Тасқын су келген уақытта– адамдардың қауіпсіздігі баста назарда. Осы үшін төтенше жағдайлар қызметі қажетті құрал-жабдықтарды дайындап жатыр. Жедел әрекет ету топтары да дайын тұр.

ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Күш-құралдар, полиция департаменті, арнайы көліктер, медициналық қызмет және жалпы облыстың барлық азаматтық қорғаныс қызметтері кіреді. Ақпан айында бізде Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Осы оқу-жаттығу аясында біз су тасқынының алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруға қатысатын барлық қызметтердің дайындығын тексереміз. Біздің облысқа келетін болсақ, мұнда су басу қаупі бар аймақтар бар. Облыс бойынша екі кезең ерекшеленеді. Бірінші кезең – қардың еруі. Қар еріген кезде су басу жағдайлары болуы мүмкін. Екінші кезең – мамыр айында қоймалардан су жіберу кезінде орын алады. Бұл кезде өзен жайылымдары су астында қалады, кейбір елді мекендерге қауіп төнуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын күшейтті. Бүгінгі күні арнайы техникалар мен құралдардың дайындығы тексерілді. Су басу қаупі бар аумақтар назарға алынған.

АСЕТ СЕРДАЛИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі таңда осы бір уақытта Павлодар облысының 176 жеке құрам және 77 техника су тасқынына дайын. Сол мақсатта осы тексерістерді жүргізіп жатырмыз. Біздің осы көктемгі су тасқыны кезінде барлық жеке құрамымыздың дайындығын алдын ала тексерісін жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда жол талғамайтын техникалары бар. Сору техникалары бар. Бәрінің тексерісін жүргізіп, алдыңғы уақытта қандай да бір кемшіліктері болса алдағы сол наурыз, сәуір айларына дейін қалпына келтіру жұмыстарына тырмысып, дайындалып жатырмыз.

Тексерулер барысында техникалардың, мотопомпалардың және қосымша құралдардың дайындық деңгейі бағаланды. Арнайы жасақталған топтар алдағы күндері қауіпті учаскелерді қайта тексеруді жоспарлап отыр.

Сабина Жолдаспаева