Қыс мезгілі кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды. Өңірімізде жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында 100-ге жуық өрт болған. Мамандар үй- үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімен халық қарапайым сақтық шараларын қолданбайды. Қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Тілші әңгімесінде.

Өңірде өрт дерегі азаймай тұр. Былтырмен салыстырғанда 92 пайызға артқан. Тілсіз жаудан 4 адам қаза тапты. Өрт тұрғын үй секторында жиі орын алады. Айтып келмейтін апаттардың алдын алу үшін төтенше жағдай департаменті мамандары тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.

ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Былтырғы алдыңғы жылдармен салыстыратын болсақ, өрттің өсуі байқалуда. Өрт салдарынан 4 адам қаза тапты. 5 адам жарақат алды. Улы газдан уланудан 3 адам қаза тапты және 3 адам зардап шекті. Енді басты себептері сымдардың тұйықталуы және жабдықтарды дұрыс қолданбауы және отпен абайсыз болу ... басты себептері.

Халыққа түсіндірме жұмыстарынан бөлек өрт сөндірушілер осал топтағы азаматтарға көмірқышқыл газын ерте анықтайтын 700 датчиктер орнытты. Бұдан бөлек бизнес нысандары тексерілді. Бұнда жылыту маусымында 32 өрт жағдайы тіркелді.

ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Және нысандарды тексерген алдында ТЖД қызметкерлері 30 күн бұрын хабарлама береді тексеру обьектілеріне және айтылған өрттерге келетін болса нысандарда болған. Бұл критерилерге жатпайды. .. прокуратура органдарына тіркеліп, тексеріледі.

Құтқарушылар тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Электр сымдарды қалпына келтіріп, пештің түбінде киім кептірмеу керек. Өрт, тілсіз жау. Айтып келмейді.

Әйгерім Тоқпанқызы