Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар легін салтанатты түрде ашты. Ашылу барысы Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылды. Оған партия белсенділері, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, сонымен қатар тыл еңбеккерлері мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында жас ұрпақ, ата-бабаларымыздың ерлік жолы туралы көп мағлұмат алды. Мұндай шараларға қатысу жастарды әлеуметтік маңызды бастамаларға атсалысуға ынталандырады, болашақ ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосады.
ӘЛІМБЕК АҒЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жеңістің 80 жылдығына орай біз мына іс-шаралар циклын бастап отырмыз. Оған ардагерлер, тыл еңбеккерлері қатысып, өздерінің басынан өткен оқиғалары туралы баяндап берді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары да қатысып отыр. Патриоттық тәрбие ала алады деп ойлаймыз
Сондай-ақ, «Панфиловшылар» іздеу жасағының командирі қатысып, соғыс жылдарында Қазақстаннан әскерге шақырылған және із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлердің есімдерін анықтап, іздестіру жұмыстарының барысы туралы баяндады.
БАҚЫТЖАН ӨТЕПОВ, «ПАНФИЛОВШЫЛАР» ІЗДЕСТІРУ ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ
Біз бір тоннадан астам топырақты қазып, Иван Панфиловтың қаза тапқан орнын көрсеттік. Сол жерден экспонаттар әкеліп, мектеп музейінде 316-шы дивизияға арналған бөлім аштық.
Айта кетейік Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында маңызды шаралар өтпек.
Қымбат Садық