2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Павлодарэнергосбыт" ЖШС тұтынушыларын электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Оның себебі неде? Және тұтушыларға бұл қызметті енді кім ұсынады? Тілшіміз айтсын.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап" Павлодарэнергосбыт" ЖШС тұтынушыларды электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Электрмен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымның міндеттері "Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы" АҚ-ға өтеді". Бұл шешім өткен жылдың шілде айында қабылданған "электр энергетикасы туралы" заңға түзетулерге байланысты.

РОМАН ГОНЧАРЕНКО, «ПАВЛОДАРЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ

2025 жылдың бірінші қаңтарынан бастап электр энергиясы тұтунышыларына қызмет көрсету, электр есептегіштердің көрсеткішін тіркеу, есептемелер бойынша есептеулер жүргізуді Павлодар электржелілік тарату компаниясы іске асырады. Тұрмыстық тұтынушылар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты негізінде электр энергиясын алуды жалғастырады және"Павлодар электр желілік тарату компаниясы" АҚ Бірыңғай төлем құжаты бойынша энергия мен қызметтерге ақы төлейді.

Энергия есептегіш құралдарының көрсеткіштерін WhatsApp мессенджерінде +7(701)351-94-74, Telegram және Viber қосымшаларындағы «ПРЭКбот» чат-ботының көмегімен беруге болады. Қосымша анықтамалық ақпарат алу үшін байланыс орталығына 903-309 және 7(701)031-73-23 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Самал Қалиқызы