Павлодар облысында қатты дауылдан, электр желілері істен шыққан. Көптеген тұрғын үйлер мен кәсіпорындар жарықсыз қалды. Дегенмен, ақаулар толықтай жөнделді.

Кеше желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге жетіп, өңірдің кей аймақтарында электр сымдар үзілді. Апатты жағдайға байланысты «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» акционерлік қоғамында шұғыл штаб құрылды. Салдарын жою үшін 188 адам мен 51 техника жұмыс істеді. Мамандар 73 зақымдануды тіркеп, оның 67-сін жөндеді. Қалпына келтіру жұмыстары арнайы штабтың бақылауында болды.

ЕКАТЕРИНА БАЙЖҰМАНОВА, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Дауылды ескерту кезінде жолдар жабылып, арнайы техника жүре алмады. Қатты жел мұнараларда жұмыс істеуге және ақауларды жоюға мүмкіндік бермеді.Сондықтан қалпына келтіру жұмыстары кешіктірілді. Таңертең жұмыстар қайтадан жалғасын тапты. Сағат 14.00-ден кейін желдің күші азайып, мамандар әуе желілеріндегі ақауларды жөндей бастады. Тұрғын үйлер мен өндірістік нысандарды қосу жұмыстары да қолға алынды

Айта кетейік, бүгін таңертең барлық ақаулар толықтай жойылып, тұтынушыларға электр қуаты қайта қосылды.

Сабина Жолдаспаева