Негізгі Жаңалықтар Айтылды-орындалды: кәсіби мамандарды даярлау

Айтылды-орындалды: кәсіби мамандарды даярлау

Айтылды – орыдалды. Қазақстанда 299 мың адам қосымша жұмыспен қамту шараларына қамтылған. Олар кәсіби бағдар беру, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту, skills.enbek.kz платформасында онлайн оқыту және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне қысқа мерзімді оқыту үдерістерінен өтті. «Серпін. Қуат. Өмір» атты жас энергетиктердің алғашқы форумына шамамен жүзге жуық маман қатысты. Олар облыс басшылығымен және энергетикалық кәсіпорындардың өкілдерімен өзекті мәселелерді тікелей талқылады. Тәжірибе алмасып, аймақ үшін маңызды салалардың бірі болып табылатын саланың одан әрі дамуына арналған идеяларын ұсынды. 



«Серпін. Қуат. Өмір» атты жас энергетиктер форумы өңірімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жиынды ашқан аймақ басшысы елдің келешегі жастардың қолында екенін атап өтіп, әсіресе өнеркәсібі дамыған Павлодар облысының жетістіктерін жалғасытратын жаңа буын мамандары екеніне тоқталды.

Павлодарлықтармен қатар Астана мен Петропавл қалаларынан арнайы келген жас энергетиктерді біріктірген форум өзара тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Іс-шара барысында қатысушылар саланың өзекті мәселелерін талқылап, заманауи шешімдер мен өз көзқарастарын ортаға салды. Сондай-ақ қоғамдық өмірге белсенді қатысуға мүмкіндік берді.

Бұл ауқымды кездесу кадрлық әлеуетті нығайтып қана қоймай, жас мамандардың кәсіби бастамаларына тың серпін берді. Мұндай диалог алаңдары жаңашыл идеялардың жүзеге асуына және саланың тұрақты дамуына тың жол ашады.


Жұлдыз Қабылденова

 



Бөлісу