Орақ науқаны аяқталуға жақын
Орақ науқаны аяқталуға жақын. Бүгін облыстық аппарат жиынындада науқан барысы баяндалды. Ауыл шаруашылығы басқармасы дәнді дақылдардың 98 пайызы жиналғанын жеткізді. Ал, жалпы алқаптардың 74 пайызда жұмыс атқарылған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 1 миллион 547,9 мың гектар алқапты жинау жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,5 мың гектарға немесе жеті пайызға көп. Дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуға жақын. 773,4 мың гектар дәнді алқаптың 98 пайызы жиналып, 707 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерді құрады. Жиналған астықтың шамамен 60 пайызы – 3-сыныпқа, 25 пайызы – 4-сыныпқа, 15 пайызы – 5-сыныпқа жатады. Дәнді жақылдардан бөлек, көкеніс түрлерін жинау жұмыстары да мәреге жетіп қалған.
Хамза Оразбеков, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Картоп 97 пайызға, көкеніс 99 пайызға, бақша және мал азығы дақылдарын жинау толық аяқталды. Қазір негізгі назар майлы дақылдарды жинауға аударылып отыр. Бүгінде олардың 292,2 мың гектары немесе 43 пайызы жиналды. Орташа өнімділік гектарына он центнерді құрайды. Күнбағыстың майлылығы 40-44 пайыз деңгейінде. 2027 жылғы егіс алқаптарын дайындау жұмсыстары жүруде. 191 мың гектар смүрі жер өңделді. 212 мың гектарда алқапта күзгі жер жырту жүргізілді.
Жауапты мамандардың айтуынша, ауа райы қолайлы болған жағдайда қалған майлы дақылдарды жинау жұмыстарын алдағы 10-12 күнде аяқталуы тиіс.Жақын уақытта күн қайта жыдынады деп болжануда, бұл шаруаларға жиын-терім жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы науқанды тыңғылықты аяқтап, келесі жылға даййындықты бастай беруді тапсырды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Егін жинауды күнделікті бақылауда ұстап, алдыңғы жылдағы егінге тұқымды толық қамтамасыз етсін. 10-қарашаға дейін күзгі жұмыстарға бөлінген арзан дизель отынын алып, дұрыс пайдалануды қолға алсын! «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша алынған неселерді уақыты қайтаруды бақылауға алу қажет.
Азық-түлік бағасын арзандату жолдары қаралды
Жиында азық-түлік бағасының жайы да қаралды. Негізгі назар әлібетте әлеуметтік маңызы бар азық түрлерінің бағасында. Қазіргі уақытта облыс 31 позицияның 21-і бойынша баға республикалық орташа көрсеткіштен төмен. Ал 13 позиция бойынша Павлодар облысы ең төмен бағалар тіркелген өңірлердің алғашқы бестігіне кіреді. Алайда, бірқатар аудандардағы баға облыстық деңгейден жоғары. Тиісті басқарма басшысы, бағаның тұрақтылығын ұстап тұру үшін бірқатар шаралар легін жасап жатқандығын жеткізді.
Талғат Дұғалов, Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы
Бірінші тұрақтандыру қоры. Бүгінде облыстың тұрақтандыру қорында 13 атау бойынша 7,7 мың тонна өнім жинақталған. Оның жалпы құны екі миллиард теңгені құрайды. Жыл басынан бері қордан 883,8 миллон теңгеге 3 088,1 тонна өнім сатылған. Өнімді өткізуге облыстағы 227 серіктес дүкен тартылған. Алайда Аққулы және Ақтоғай аудандарында тұрақтандыру қорындағы өнімді іріктеу деңгейі төмен. Облыс әкімі аталған аудандарға жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұдан бөлек, «Айналым схемасы» аясында «Ирвема» ЖК-не 13 атаудағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын төмендетілген сауда үстемесімен өткізу үшін 190 миллион теңге бөлінген. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендетуге бағытталған тағы бір жаңа жоба – «Әлеуметтік әмиян» іске қосылмақ. Жоба бойынша «Ваш» сауда желісімен шарт жасасу жұмыстары аяқталуға жақын. Алдымен жоба Павлодар қаласындағы бір дүкенде сынақ ретінде іске қосылады. Кейін «Ваш» сауда желісінің 9 нүктесіне енгізіледі.
Аймақ басшысы серіктес сауда нүкетелерін кеңейту керектігін айтты. Сонымен қатар, бағаның негізсіз көтерілуіне себеп болып отырған делдалдар мәселесіне де жіті көңіл қою керек деді. Ал, бағаны тиісті теңгейде ұстап тұрудың тағы бір жолы жәрмеңкелер екенідігіне тоқталды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Әрбір аудан орталығында тіпті, ірі ауылдық округтерге жәрмеңке ұйымдастырса артығы жоқ. Алда Елордада жәрмеңке өтеді. Соған дайындалып жатырмыз. Астанада Павлодар өңірінің өнімін жақсы көреді. Дәмін, сапасын жақсы көреді. Дайындалып дұрыс деңгейде өткізу керек.
Жиын қорытындысында облыс әкімі кәсіпкерлік және сауда басқармасына аудан әкімдерімен бірлесіп баға мониторингін күшейтуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздан аспайтын сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.